Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

43-ӘН

Ризашылық дұғасы

Ризашылық дұғасы

(Зәбүр 95:2)

  1. 1. Бас иіп саған, Ехоба Әкеміз,

    Дұғамызды тыңдай көрші дейміз!

    Арқа сүйеп жүрген соң саған күнде,

    Қуантады сені қызметіміз.

    Бірақ осал тән күнәға беріліп,

    Көп мүлт кетіп, сұраймыз кешірім.

    Рақмет, бізді “пенде ғой” деп ескеріп,

    Күнәмізді төлеммен өшірдің.

  2. 2. Жүректі тербеп көрсеткен рақымың,

    Ризамыз, шындық жолына тарттың!

    Өзің жайлы аша түсіп Сөзіңде,

    Адал болуға мол күш дарыттың.

    Рақмет, сен беріп киелі рухыңды,

    Батыл айтып жүрміз хабарыңды.

    Кішіпейіл боп, Әкеміз Ехоба,

    Мәңгі даңқтай берейік атыңды.