Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

58-ӘН

Татулықты сүйетіндерді іздейік

Татулықты сүйетіндерді іздейік

(Лұқа 10:6)

  1. 1. Уағыз ісін Иеміз тапсырған,

    Өзі жүріп шаңды жолмен,

    Күн ыстықта уағыздаған.

    Таң сәріден ол қас қарайғанша

    Жүрді талай Құдайдың әр қойын тапқанша.

    Үйден үйге, көшелерде,

    Уағыздаймыз барлық жерде,

    “Жұмақ жақын!” деп айтамыз баршаға.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жүр, іздейік

    Татулықты сүйген жандарды!

    Бар әлемге

    Таратайық ізгі хабарды.

    Жан қалмасын

    Естімеген.

  2. 2. Өкінбейміз көп тер төгіп жатсақ,

    Сан мың адам арасынан

    Тым болмаса бірін тапсақ.

    Шын сүйгендік бізге ой салады,

    Қайта барып, демеуге сол жанды жаралы.

    Қалалар мен ауылдарда

    Әділ жандар табылғанда,

    Қанат бітіп, ұмтыламыз тек алға!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жүр, іздейік

    Татулықты сүйген жандарды!

    Бар әлемге

    Таратайық ізгі хабарды.

    Жан қалмасын

    Естімеген.