Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

59-ӘН

Ехобаны бірге мадақтайық!

Ехобаны бірге мадақтайық!

(Зәбүр 146:2)

  1. 1. Кәне, бірге ән шырқайық,

    Ехобаның есімін даңқтайық!

    Ол — өмірдің қайнар көзі,

    Еш сарқылмас сүйіспеншілігі,

    Қуантады әр сыйымен ізгі.

  2. 2. Кәне, бірге жар салайық,

    Ехобаның зор күшін даңқтайық!

    Дәрменсізді ол қорғайды,

    Ауыр жүктен арылтып, қолдайды,

    Рухын беріп, тыныштық сыйлайды.

  3. 3. Кәне, бірге ән шырқайық,

    Әділдіктің Құдайын даңқтайық!

    Зұлымдықты жояр мүлде,

    Жұбаныш боп жабыққан жүрекке.

    Мадағымыз жыр боп жетсін көкке!