Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

61-ӘН

Алға, Куәгерлер!

Алға, Куәгерлер!

(Лұқа 16:16)

  1. 1. Еш тайсалмай осы зұлым күндері,

    Қызғыштай қорғап жүрміз хабарды ізгі.

    Шайтан қаһарын төксін, мейлі,

    Бәрібір ырқына оның көнбейміз.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Кәне, алға, Куәгер, жүрегі мығым!

    Қуан, үлес қосып ісіне Құдайдың!

    Айт барлығына гүл жамылған жұмақтың

    Көкжиекте тұрғанын мұнартып.

  2. 2. Біз көздемейміз әлемнің құрметін,

    Дайынбыз тар жолдың тартуға бейнетін.

    Мінсіз боп соңғы күнге дейін,

    Шығамыз жеңістің шыңына биік.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Кәне, алға, Куәгер, жүрегі мығым!

    Қуан, үлес қосып ісіне Құдайдың!

    Айт барлығына гүл жамылған жұмақтың

    Көкжиекте тұрғанын мұнартып.

  3. 3. Жұрт киелі Құдайға жауып жала,

    Қорлап жүр атын түкке тұрғысыз санап.

    Барып бәріне уағыздайық,

    Ақталсын есімі ұлы Құдайдың.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Кәне, алға, Куәгер, жүрегі мығым!

    Қуан, үлес қосып ісіне Құдайдың!

    Айт барлығына гүл жамылған жұмақтың

    Көкжиекте тұрғанын мұнартып.