Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

63-ӘН

Біз — Ехоба куәгерлері!

Біз — Ехоба куәгерлері!

(Ишая 43:10—12)

  1. 1. Табынады кейбірі

    Мүсінге қолдан шыққан.

    Сан рет жалынса да,

    Жауап жоқ одан.

    Көп болғанмен тәңірлер,

    Шын Құдай жалғыз, дара.

    Болашақты айтып жеткізер

    Хақ Тағала тек сол ғана.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехобаның біз батыл,

    Адал Куәгерлері!

    Әрқашанда іске асады

    Оның барлық ниеті.

  2. 2. Мақтанышпен Құдайдың

    Есімін біз даңқтаймыз.

    Патшалығын батыл

    Жариялаймыз.

    Шындықты біліп сонда,

    Көп адам азат болар.

    Зор сеніммен бізге қосылып,

    Мадақ әнін бірге айтар.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехобаның біз батыл,

    Адал Куәгерлері!

    Әрқашанда іске асады

    Оның барлық ниеті.

  3. 3. Куәлік берген сайын

    Ақтаймыз Құдай атын.

    Бәріне айтамыз

    Оның хабарын:

    “Ехобаға бет бұрсаң,

    Кешірілмекші мінің.

    Мәңгі өмірге үміт алып,

    Тыныштықта өтер күнің!”

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ехобаның біз батыл,

    Адал Куәгерлері!

    Әрқашанда іске асады

    Оның барлық ниеті.