Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

75-ӘН

“Мен бармын, мені жібер!”

“Мен бармын, мені жібер!”

(Ишая 6:8)

  1. 1. Жұрттар менсінбей Құдайды,

    Ұлы есімін қорлайды.

    Деп бірі “Зұлым, ол әлсіз!”

    “Құдай жоқ!” дейді санасыз.

    Оны мадақтайтын кім бар,

    Атын оның ақтап шығар?

    ҚАЙЫРМАСЫ (1):

    “Мені жіберші, мен бармын!

    Сені, Ехоба, даңқтайын!

    Асқан құрмет жоқ, аңғардым, Ием,

    Мен бармын, мені жібер!”

  2. 2. “Асықпайды Құдай” дейді,

    Қорқу дегенді білмейді.

    Бірі мүсінге табынса,

    Бірі табынар патшаға.

    Кім бар жұртқа дабыл соғар?

    Құдай шайқасын кім айтар?

    ҚАЙЫРМАСЫ (2):

    “Мені жіберші, мен бармын!

    Жұртқа батыл хабарлайын!

    Асқан құрмет жоқ, аңғардым, Ием,

    Мен бармын, мені жібер!”

  3. 3. Көп қой бүгінде зұлымдар,

    Уайым кешуде момындар.

    Іздеп шындықты, сусайды,

    Азат өмірді аңсайды.

    Момынды шындықта шыңдар,

    Кәне, жұбататын кім бар?

    ҚАЙЫРМАСЫ (3):

    “Мені жіберші, мен бармын!

    Ізгі хабарды айтайын!

    Асқан құрмет жоқ, аңғардым, Ием,

    Мен бармын, мені жібер!”

(Зәб. 10:4; Езек. 9:4 қараңыз.)