Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

78-ӘН

Құдай сөзін үйрету

Құдай сөзін үйрету

(Елшілердің істері 18:11)

  1. 1. Үйретеміз Құдай сөзін талмай игі істе,

    Нағыз бақыт, нағыз шаттық сезіп жүрміз күнде.

    Жанашыр тәлімгер болған Ұстазымыз Иса,

    Момындардың қамын ойлаймыз, біз де оған ұқсап.

  2. 2. Жарқыратып Құдай нұрын жүрміз сөз бен істе,

    Шындық жолын іздегендер құлақ түрер бізге.

    Құдай Сөзі баға жетпес асыл тасқа толы,

    Өзгелермен жүрміз бөлісіп, тапқан сайын оны.

  3. 3. Асыл сөзін үйретуге Құдай көмек беред,

    Тыңдап айтқан дұғамызды, рухын көктен төгед.

    Шын сүйеміз Сөзін оның бізге сыйға берген,

    Шын сүйеміз ізгі жанды да тәлім алам деген.