Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

80-ӘН

“Дәмін татыңдар да, Ехобаның ізгілігіне көз жеткізіңдер”

“Дәмін татыңдар да, Ехобаның ізгілігіне көз жеткізіңдер”

(Зәбүр 34:8)

  1. 1. Уағыздау ісі — мәртебе,

    Шынайы көзі бақыттың.

    Қауырт болғасын, қызмет етеміз,

    Тиімді жұмсап уақытты.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Көз жеткізіңдер, дәмін татып,

    Оның ізгілігіне.

    Аямас сыйын ұл-қызынан

    Шын берілген өзіне.

  2. 2. Толық уақытты қызметтің

    Мол байлығы мен батасы.

    Ас-су мен киім уайым боп жатса,

    Құдаймен жеңіл жарасы.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Көз жеткізіңдер, дәмін татып,

    Оның ізгілігіне.

    Аямас сыйын ұл-қызынан

    Шын берілген өзіне.