Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

87-ӘН

Келіп, сергіп қалыңдар!

Келіп, сергіп қалыңдар!

(Еврейлерге 10:24, 25)

  1. 1. Өз бетімен кеткен бұл дүниеде

    Жұрт ұмытқан Құдай барын.

    Бағыт-бағдарсыз адамдар өздері

    Түзей алмас қадамдарын.

    Ал кездесулер біздерді сергітіп,

    Үміт жағып, сенім берер.

    Өзгелерді сүюге талпындырар,

    Жасау үшін игі істер.

    Түйіп алып ойда Құдай заңдарын,

    Орындаймыз оның еркін.

    Кездесулер оң жолға бағыттайды,

    Аша түсіп шындық көркін.

  2. 2. Мұқтаж күйімізді Ехоба біліп,

    Жүгімізді жеңілдетер.

    Қауым кездесуін еш қалдырмасақ,

    Береді қажет кеңестер.

    Адам кейпіндегі сыйлар арқылы

    Бекіп қаламыз сенімде.

    Ыстық бауырластықтың құшағында

    Жалғыз болмайды ешкім де.

    Соңғы күндері талмай бас қосайық

    Бір сенімдегі жандармен.

    Қауымда үйретер өмір сүруді

    Даналықпен көктен келген.