Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

88-ӘН

Ақ жолыңнан таймайын

Ақ жолыңнан таймайын

(Зәбүр 25:4)

  1. 1. Ехоба, бүгін жиналдық алдыңа,

    Жылы қабылдап хабарыңды.

    Сөзің әрқашан жолыңды паш етіп,

    Шырақтай төгер жарығыңды.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ақ жолыңнан мәңгіге таймайын,

    Тәліміңе зейінсіз болмайын.

    Әр қадамым тура болсын лайым,

    Заңдарыңнан қуаныш табайын.

  2. 2. Биік, асқар тау даналығың сенің,

    Үкімің әділ, уа, Құдайым!

    Сөзің шындықтың кәусар бұлағындай,

    Күнде тамсана сусындайын.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ақ жолыңнан мәңгіге таймайын,

    Тәліміңе зейінсіз болмайын.

    Әр қадамым тура болсын лайым,

    Заңдарыңнан қуаныш табайын.