Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

89-ӘН

Құдайға құлақ асып, батаға кенел

Құдайға құлақ асып, батаға кенел

(Лұқа 11:28)

  1. 1. Тәлімдерін Мәсіхтің біз тыңдайық

    Жол сілтейтін ұдайы жарқырап.

    Құлақ асып, өмірде қолданайық,

    Төгер Құдай батасын жарылқап.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Кел, құлақ ас Құдайға,

    Еркін оның орында.

    Мол батаға кенелерсің сонда,

    Кел, құлақ ас Құдайға!

  2. 2. Нұсқауына Мәсіхтің ден қояйық,

    Құмға емес, жартасқа үй салып.

    Берік етіп іргетасын қалайық,

    Таңғажайып өмірге бет алып.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Кел, құлақ ас Құдайға,

    Еркін оның орында.

    Мол батаға кенелерсің сонда,

    Кел, құлақ ас Құдайға!

  3. 3. Жасыл-желек ағаштай жайқалайық,

    Мерзімінде мол жеміс әкеліп.

    Ұл-қызындай Құдайдың біз болайық,

    Батасына мәңгіге кенеліп.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Кел, құлақ ас Құдайға,

    Еркін оның орында.

    Мол батаға кенелерсің сонда,

    Кел, құлақ ас Құдайға!