Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

92-ӘН

Саған арнап салынған үй

Саған арнап салынған үй

(Шежірелер 1-жазба 29:16)

  1. 1. Ұлы атыңа, уа, Ехоба,

    Арнап көтердік бұл үйді.

    Енді қуана бағыштаймыз,

    Төгіп алғыс пен ән-күйді.

    Саған арналған тартулардың

    Көзі өзіңсің о бастан.

    Қуат, қабілет, барымызды

    Тарту етеміз бір саған.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Салтанатты мына үйде

    Атың асқақтай берсін.

    Бағыштаймыз саған, Әке,

    Иесі оның сенсің!

  2. 2. Тұрмыз алдыңда, уа, Ехоба,

    Мадақ жаудырып атыңа.

    Сені даңқтауды қалайтындар

    Көптеп қосылсын халқыңа.

    Таза ұстаймыз сәнін сақтап,

    Бұл жер біз үшін киелі.

    Көрік беріп ол тәліміңе,

    Үнсіз мадақтап тұр сені.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Салтанатты мына үйде

    Атың асқақтай берсін.

    Бағыштаймыз саған, Әке,

    Иесі оның сенсің!