Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

95-ӘН

Таң шапағы жарқырай түсуде

Таң шапағы жарқырай түсуде

(Нақыл сөздер 4:18)

  1. 1. Ерте кезде көп пайғамбар аңсаған

    Үміт көзі болған Мәсіхті.

    Уәде етілген Мәсіх келді жерге,

    Азат етуге бар халықты.

    Міне, ол енді отыр өз тағында,

    Пайғамбарлық сөзді растап.

    Неткен мәртебе алу бұл білімді,

    Періштелер де жүрген қалап!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Біздің жолымыз жарқырайды

    Таңның нұрындай арайлы.

    Құдай жетелеп тура жолда,

    Терең түсінік сыйлайды.

  2. 2. Берсін деп бізге рухани ас-суды,

    Құдай сыйлады адал құлды.

    Шындық шашуда жақұтты сәулесін,

    Жаулап жүрек пен ақыл-ойды.

    Күн шығып, бәрі ап-анық көрініп,

    Тура жолда нық басамыз.

    Ехоба Құдай — шындықтың қайнары,

    Жарық жолы үшін ризамыз!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Біздің жолымыз жарқырайды

    Таңның нұрындай арайлы.

    Құдай жетелеп тура жолда,

    Терең түсінік сыйлайды.