Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

99-ӘН

Сансыз көп бауырластар

Сансыз көп бауырластар

(Аян 7:9, 10)

  1. 1. Бауырластар сан жетпейтін

    Көңілді хош еткен,

    Бәрі — адал Куәгер

    Нық сеніммен жүрген.

    Бауырластар сансыз көп

    Өсуде күн санап,

    Әрбір ұлттан жиналған олар

    Жүр Құдайды даңқтап.

  2. 2. Бауырластар сан жетпейтін

    Жақын-алыс маңда

    Қуанышты хабарды

    Айтып жүр сан мыңға.

    Шаршап-шалдыққан шақта

    Әл-қуаты кетіп,

    Күш дарытып қолдайды Иса,

    Жандарын сергітіп.

  3. 3. Бауырластар сан жетпейтін

    Құдайдың алдында

    Күні-түні тынбастан

    Қызмет атқаруда.

    Бауырластар сансыз көп

    Аянбай тер төккен,

    Бірге Құдаймен еңбектеніп,

    Шындық дәнін сепкен.