101-ӘН
Бірлесе қызмет етейік
-
1. Жүр едік суық заманда,
Әкеліп өз отарына,
Әкеміз берді тыныштық,
Жанымызға ыстық.
Ынтымақ ғажап қой,
Бал татар дәмі!
Халқына тапсырып ісін,
Дарытты Ехоба күшін.
Бағынып талап-заңына,
Жұмылайық онда.
-
2. Бірлікті дұғада сұрап,
Өзгеге қуаныш сыйлап,
Кең жайып пейілімізді,
Болайық мейірімді.
Татулық мұндағы
Сергітер жанды.
Шын сүйсек әр бауырласты,
Бірлікті Құдай сыйлайды.
Жүгініп оған ендеше,
Жүрелік бірлесе.
(Миха 2:12; Соф. 3:9; Қор. 1-х. 1:10 қараңыз.)