104-ӘН
Киелі рух — Құдайдың сыйы
-
1. Уа, Құдайым, сен неткен қамқорсың,
Жоғарысың жүрегімізден!
Мұң шалғанда, уайым меңдегенде,
Мол тыныштық сыйлашы рухыңмен.
-
2. Кейде сүрініп, шалыс басамыз,
Кім бар екен даңқыңа лайық?
Сен рухыңды күнде бере көрші,
Тура жолда нық қадам басайық.
-
3. Күш таусылып, зауқым болмағанда,
Дем бере көр рухыңмен, Әке.
Кең қанатпен самғап қыран құстай,
Бір серпіліп қалайын мен, Әке.
(Зәб. 51:11; Жох. 14:26; Ел. іс. 9:31 қараңыз.)