Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

105-ӘН

“Құдай — сүйіспеншілік”

“Құдай — сүйіспеншілік”

(Жоханның 1-хаты 4:7, 8)

  1. 1. Баршаны сүйіп Ехоба

    Көрсетті тура жолын.

    Дәл солай сүйсең басқаны,

    Болады жомарт қолың.

    Шын өмір, шын бақыт мәні

    Жатыр, міне, осыда.

    Сүйіспеншілік ешқашан

    Қалдырмайды қапыда.

  2. 2. Құдайды сүйсек шынымен,

    Өзгені де сүйеміз.

    Жығылғанда Әкеміздің

    Көмегіне иеміз.

    Сүйіспеншілік кіршіксіз,

    Қызғанбайды ешқашан.

    Бәріне де төзімді ол,

    Мейірімді әрқашан.

  3. 3. Арылып ашу-ызадан,

    Ешқашан бой алдырма.

    Құдайға жүгін әрдайым,

    Жол сілтер қадамыңа.

    Құдай мен маңайдағыны

    Сүю — басты өсиет.

    Өзгені сүйіп әрдайым

    Танытайық шын ниет.