Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

107-ӘН

Сүюдің кемелді үлгісі

Сүюдің кемелді үлгісі

(Жоханның 1-хаты 4:19)

  1. 1. Ехоба Құдай — шынайы сүюдің

    Кемелді үлгісі.

    Біздерге деген жылы сезімдерін

    Паш етеді әрбір ісі.

    Жалғыз Ұлының қиып ол өмірін,

    Үзді құрсауын күнә мен өлімнің,

    Жоқ бұдан асқан үлгісі сүюдің!

    Құдай жолы, бұл — сүю жолы.

  2. 2. Құшағындамыз сүйіспеншіліктің

    Шынайы, шынайы.

    Қиналып қалсақ, қамқор достарымыз

    Бізді жалғыз қалдырмайды.

    Сүйсек Құдайды, өзгені сүйеміз,

    Ағат кеткенін, қарызын кешеміз.

    Шын кешірудің себебін білеміз:

    Құдай жолы, бұл — сүю жолы.

  3. 3. Келіп қауымға бірлігі жарасқан,

    Біз таптық зор бақыт.

    Құдай сыйлаған достар арасында

    Ынтымақтың дәмін таттық.

    Қуаныш есіп, күнде жалындаймыз,

    Құдай Сөзімен сенімді шыңдаймыз.

    Ән-жырға қосып, қуана шырқаймыз

    Құдай жолын, шын сүю жолын!