109-ӘН
“Бір-біріңді барынша жақсы көріңдер”
-
Шын сүю — асқақ қасиет,
Әрқашанда орны бөлек!
Үнемі танытсақ оны,
Құдай қуанады.
Достар көп адал, айнымас,
Ақ ниеті еш сарқылмас.
Бұл достықты жүрміз шыңдап,
Болып ізгі, жұмсақ.
Көмек іздеп кей кезде,
Айтса бірі уайымын бізге,
Қол ұшын беріп оған,
Табыламыз жанынан.
Құдай мен Иса сүюдің
Көрсетеді зор үлгісін.
Ізімен олардың жүріп,
Сүйеміз шын жүректен,
Сүю бағалы неткен!
(Пет. 1-х. 2:17; 3:8; 4:8; Жох. 1-х. 3:11 қараңыз.)