Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

112-ӘН

Тыныштықтың Құдайы Ехоба

Тыныштықтың Құдайы Ехоба

(Філіпіліктерге 4:9)

  1. 1. Бір өзің ұдайы —

    Тыныштықтың Құдайы.

    Қайнарысың, уа, Ехоба,

    Сүюдің сен шынайы.

    Ұлың кешірімге

    Кең ашты есігін де.

    Досың болдық, өміріміз

    Тыныштық бесігінде.

  2. 2. Жарық жоқ заманда

    Жетелер рухың алға.

    Жамандықтан қалқалайды,

    Үйретіп әділ жолға.

    Уақыт қысымында

    Зұлымдық ушығуда.

    Орнықсыншы жүрегіміз

    Тыныштық құшағында.

  3. 3. Сүйіп сен жинадың,

    Көк пен жер тұрғындарын,

    Бірауыздан Патшалықтың

    Жар салар туылғанын.

    Соғыс тоқтағанда,

    Қайғы-мұң жоқ заманда,

    Момын жандар мәңгі жасар,

    Тыныштық орнағанда.