121-ӘН
Ұстамдылық танытайық
-
1. Сүйіп Құдайды, айтамыз мадақ.
Бірақ та құрады күнә көп тұзақ.
Тәнін ойлаған тек жік салар,
Рухты ойлаған тату болар.
-
2. Күнде жасайды Шайтан амалын,
Ал кейде тыңдаймыз заңын күнәнің.
Шындық күші мықты ғой бірақ,
Жеңе алмайтын бар ма сынақ?
-
3. Болса әдепті сөз бен ісіміз,
Есімін Құдайдың қорлап жүрмейміз.
Мұны сақтайық әр кез есте,
Болып ұстамды барлық кезде.
(Қор. 1-х. 9:25; Ғал. 5:23; Пет. 2-х. 1:6 қараңыз.)