Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

122-ӘН

Берік те мығым бол!

Берік те мығым бол!

(Қорынттықтарға 1-хат 15:58)

  1. 1. Дал болып жұрт бүгін күрсінеді,

    Алда не боларын кім біледі?

    Ал біз берік те мығым боламыз,

    Шындық жақта тұрамыз.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Табанды болу керек,

    Заманнан кетіп бөлек.

    Шындықта нық тұрған

    Мәңгі өмір сүрмек.

  2. 2. Шайтан бізді сынаудан талмайды,

    Есті болған алданып қалмайды.

    Ақ-қараны айыра білген жан

    Тұрады мызғымастан.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Табанды болу керек,

    Заманнан кетіп бөлек.

    Шындықта нық тұрған

    Мәңгі өмір сүрмек.

  3. 3. Шын жүректен қызмет ет Құдайға,

    Ешкім де шет қалмасын мұндайда.

    Айт бәріне тездетіп хабарды,

    Сот күні жақын қалды.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Табанды болу керек,

    Заманнан кетіп бөлек.

    Шындықта нық тұрған

    Мәңгі өмір сүрмек.