Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

124-ӘН

Әрдайым адалдық танытайық

Әрдайым адалдық танытайық

(Зәбүр 18:25)

  1. 1. Адал болып, шын жүректен

    Сүйеміз Ехобаны.

    Заңдары мен өсиеті

    Әрқашан да бағалы.

    Ешқашан адастырмайды

    Сенімді нұсқаулары.

    Адал жанға Әкеміз де

    Адалдық танытады.

  2. 2. Адалдықпен қамқорлайық

    Бауырластарды күнде.

    Сенім артып, танытайық

    Жұмсақтық сөз бен істе.

    Құрметтеп, қадір тұтамыз

    Барлығын шын жүректен.

    Достығымыз жарасып тұр

    Жазбалар берік еткен.

  3. 3. Адалдықпен бағынамыз

    Жетекшілік еткенге.

    Орындаймыз нұсқаулары

    Бізге келіп жеткенде.

    Көл-көсір етіп батасын

    Жаудырар Құдай сонда.

    Өз меншігі деп санайды

    Тұрғанды адал жолда.