126-ӘН
Сақ жүріп, аяғыңды нық бас
-
1. Сақ жүріп, батыл болғайсың,
Аяғыңды нық басып.
Жеңесің жауды, ендеше
Жүр тайсалмай қыр асып.
Мәсіхтің сөзін біз екі етпей,
Ізімен жүреміз мүлт кетпей.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Сақ жүріп, нық бас аяғыңды,
Соңына дейін тұрып.
-
2. Сақ жүріп, сергектік сақта,
Бағынуға дайын бол.
Қабыл ал Мәсіх тәлімін
Құл арқылы тапқан жол.
Құлақ ас ақсақал сөзіне,
Қорған болады бұл өзіңе.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Сақ жүріп, нық бас аяғыңды,
Соңына дейін тұрып.
-
3. Сақ жүріп, татулық сақта,
Шындықты қорға батыл.
Сағыңды жау сындыра алмас,
Тоқтамай алға ұмтыл.
Мадақ айт қалың жұртпен бірге,
Келіп қалды сот күні, міне!
ҚАЙЫРМАСЫ:
Сақ жүріп, нық бас аяғыңды,
Соңына дейін тұрып.
(Мат. 24:13; Евр. 13:7, 17; Пет. 1-х. 5:8 қараңыз.)