131-ӘН
“Құдай қосқан жұпты”
-
1. Құрмет пен қуаныш —
Бастауы үш жіптің.
Куә болды Ехоба
Антына бұл жұптың.
ҚАЙЫРМАСЫ (1):
Жан жарын аялауды
Күйеу уәде етті.
“Адам ажыратпасын
Құдай қосқан жұпты”.
-
2. Олар тәлім алып,
Тыңдауды үйренді.
Некесін нығайтпақ боп,
Құдайға жүгінді.
ҚАЙЫРМАСЫ (2):
Күйеуін шын сүюді
Әйел уәде етті.
“Адам ажыратпасын
Құдай қосқан жұпты”.
(Мұс. 1-ж. 2:24; Уағ. 4:12; Ефес. 5:22—33 қараңыз.)