Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

135-ӘН

Ехобаның шақыруы: “Ақылды бол, балам”

Ехобаның шақыруы: “Ақылды бол, балам”

(Нақыл сөздер 27:11)

  1. 1. Балам, жүрегіңді түгел маған арна,

    Болсын бұл жауабым мені қорлағанға.

    Жас шағыңда таңдап әділ, түзу жолды,

    Баршаға паш еткін мені сүйгеніңді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Асыл ұлым, аяулы қызым,

    Қуант ақылды боп лайым.

    Ынтаңмен атқар қызметіңді,

    Саған берер сыйым дайын.

  2. 2. Қалтқысыз қызметің қуаныш әкелсін,

    Сүрінсең, тұрғызам, еңсең еш түспесін.

    Қалса көңілің адамнан, сен ұмытпа,

    Аса бағалысың маған әр уақытта.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Асыл ұлым, аяулы қызым,

    Қуант ақылды боп лайым.

    Ынтаңмен атқар қызметіңді,

    Саған берер сыйым дайын.