Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

136-ӘН

Ехоба “қарымтаңды толығымен” қайтарады

Ехоба “қарымтаңды толығымен” қайтарады

(Рут 2:12)

  1. 1. Жанын сап қызмет еткеннің жағдайы

    Құдайға мәлім әрқашан.

    Олар ынтамен Патшалықты қолдап,

    Біраз нәрседен бас тартқан.

    Сен де қалдырған боларсың үй-жайды,

    Аян Әкемізге бәрі.

    Орнын толтырар, бауырластар беріп,

    Сыйлап мәңгілік өмірді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Өзіңе Құдайдың көңлі толып,

    Қарымтаңды қайтарады толық.

    Қанатымен қорғайды сені,

    Ехоба сенімді, адал өйткені.

  2. 2. Кейде қиындық жолыңды кес-кестеп,

    Басар ауыр жүк еңсеңді.

    Ехоба берер жаныңа жұбаныш,

    Байқап қажыған кезіңді.

    Естен шығарма, дұғаны Тыңдаушы

    Жүрек күйіңе үңіліп,

    Рухын береді, Сөзімен қолдайды,

    Қамқор достарын жіберіп.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Өзіңе Құдайдың көңлі толып,

    Қарымтаңды қайтарады толық.

    Қанатымен қорғайды сені,

    Ехоба сенімді, адал өйткені.