138-ӘН
“Ақ шаш — әсем тәж”
-
1. Қалса да тым ұзақта
Шақтары балғын.
Жасымай жігерлері,
Берік боп қалған.
Кейбірі әл жоғалтқан,
Кейбірі жалғыз.
Жұмақта Әкем сыйлар
Мол бата, даусыз.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Еңбегі олардың
Жадыңда, Әке.
Мақтаныш әрбірі
Алдыңда, Әке.
-
2. Шаштарын ақ шалса да
Өмір жолында,
Адал жан Ехобаның
Сұлу алдында.
Жас кезде жан-тәнімен
Зор үлес қосқан
Бағалайық қарттарды,
Жоқ құрмет асқан!
ҚАЙЫРМАСЫ:
Еңбегі олардың
Жадыңда, Әке.
Мақтаныш әрбірі
Алдыңда, Әке.
(Зәб. 71:9, 18; Нақ. с. 20:29; Мат. 25:21, 23; Лұқа 22:28; Тім. 1-х. 5:1 қараңыз.)