141-ӘН
Өмір — Құдайдан келген сый
-
1. Не деген ғажап шуағы күннің,
Ақ жауын, әр түйірі алтын дәннің!
Құдайдың сыйы айнала толған,
Бірі шаттық сыйласа, бірі нәр болған.
ҚАЙЫРМАСЫ (1):
Өмір неткен ғажап, бағалы сыйлық!
Құдайды сүйіп әрқашан, оны даңқтайық.
Маңдай терін төгіп лайық бола алмаймыз,
Бұл сый сый боп қалар, таңғажайып өмір!
-
2. Бәз біреу қажып, үмітін үзер,
“Өлгенім артық бұдан” деп ой түзер.
Алшақпыз бірақ бұл ойдан жаңсақ,
Тәубе деп, келер күнді жүреміз аңсап.
ҚАЙЫРМАСЫ (2):
Өмір неткен ғажап, бағалы сыйлық!
Өзгені сүйіп әрқашан, дос деп қарайық.
Маңдай терін төгіп лайық бола алмаймыз,
Бұл сый сый боп қалар, таңғажайып өмір!
(Әйүп 2:9; Зәб. 34:12; Уағ. 8:15; Мат. 22:37—40; Рим. 6:23 қараңыз.)