Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

142-ӘН

Үмітіміз жалындай берсін

Үмітіміз жалындай берсін

(Еврейлерге 6:18, 19)

  1. 1. Ақ таңына әділ заманның зәру боп,

    Жүр адамзат қалың тұман ішінде.

    Азаттыққа сан ғасыр ұмтылса да,

    Күнә заңы тұр өз күшінде.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жалындасын үміттің алауы,

    Жүзеге аспақ Патшалық қалауы.

    Бар қорқыныш жоғалар мәңгіге,

    Зәкір боп тұрған ризамыз үмітке.

  2. 2. Жаршылары Патшалықтың дабыл қағып,

    “Сот болатын күн жақын қалды!” дейді.

    Азып-тозған жер бетін Құдай енді

    Гүл жайнатып, нұрға бөлейді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жалындасын үміттің алауы,

    Жүзеге аспақ Патшалық қалауы.

    Бар қорқыныш жоғалар мәңгіге,

    Зәкір боп тұрған ризамыз үмітке.