144-ӘН
Зор сыйға назар тігейік
-
1. Арайлап атқан сұлу таңға
Қарайды бұрын соқыр болған.
Естімей келген еш дыбысты
Тыңдар әсем әнін құстың.
Тіріліп достар, қайғы бітер,
Мәңгіге күнә, өлім кетер.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Көреміз мұның бәрін алда,
Назар тігейік зор сыйға.
-
2. Қозымен қасқыр бірге жүріп,
Аюды бұзау достай көріп,
Арыстан сонда көк шөп жейді,
Бәрін бала жетелейді.
Жылаған кездер артта қалар,
Сарқылмас шаттық бойды алар.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Көреміз мұның бәрін алда,
Назар тігейік зор сыйға.
(Ишая 11:6—9; 35:5—7; Жох. 11:24 қараңыз.)