149-ӘН
Жеңіс әні
-
1. Ұлы есімін атап Құдайға ән шырқайық,
Мысыр әскерін ол батырды көк теңізге.
Тең келе алмайды ешкім де айбарлы Құдайға,
Ехоба — есімі, жетті ол зор жеңіске.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Еш өзгермес Ехоба Құдай,
Өзі ғана ұлының ұлысы.
Бар жауларын тізе бүктіреді,
Атын даңқтайды бұл ісі.
-
2. Бар қас жауларын Ехоба соттап ұялтады,
Мысыр патшасынан болса да олар мықты.
Асқақ есімін барша жұрт білер бұл шайқаста,
Тартады жауапқа ол бар зұлым халықты.
ҚАЙЫРМАСЫ:
Еш өзгермес Ехоба Құдай,
Өзі ғана ұлының ұлысы.
Бар жауларын тізе бүктіреді,
Атын даңқтайды бұл ісі.
(Зәб. 2:2, 9; 92:8; Малх. 3:6; Аян 16:16 қараңыз.)