Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 2А

Езекиелдің пайғамбарлықтарын түсіну

Езекиелдің пайғамбарлықтарын түсіну

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

Киелі кітапта нава́ деген еврей етістігінен аударылған “пайғамбарлық ету” деген тіркес Құдайдан келген хабарды, өнегелілік тәлім-тәрбиені, үкім мен бұйрықты жариялауды білдіреді. Сондай-ақ Құдайдың атынан болашақтағы жайттарды жеткізуді білдіреді. Езекиелдің пайғамбарлықтарында осының бәрі кездеседі (Езек. 3:10, 11; 11:4—8; 14:6, 7; 37:9, 10; 38:1—4).

ЖЕТКІЗІЛУ ЖОЛДАРЫ

  • АЯНДАР

  • МЫСАЛДАР

  • ҚОЙЫЛЫМДАР

Езекиел кітабында аяндар, мысалдар, астарлы әңгімелер мен қойылым түрінде жеткізілген пайғамбарлық хабарлар бар.

ОРЫНДАЛУЫ

Езекиел жазған кейбір пайғамбарлықтардың бірнеше орындалуы бар. Мысалы, таза ғибадаттың қалпына келуі туралы пайғамбарлықтар Құдай халқы Уәде етілген жерге оралғанда шектеулі көлемде жүзеге асты. Бірақ бұл пайғамбарлықтардың көбісі біздің кезімізде де орындалуда, әрі болашақта тағы бір мәрте орындалады. Бұл жайында осы кітаптың 9-ыншы тарауында көбірек айтылады.

Бұрынырақта біз Езекиел пайғамбарлықтарының кейбір тұстарын түпбейне мен бейне деп қарастырғанбыз. Алайда бұл басылымда, Жазбалардың өзінде нақты негіз болмаса, қандай да бір кейіпкер, зат, жер я оқиға біздің заманымызда орындалуы бар түпбейне деп қарастырылмайды *. Оның орнына, біз Езекиел жазған пайғамбарлықтардың кең көлемде орындалуына назар аударамыз. Сондай-ақ Езекиел кітабындағы хабардың, кейіпкерлердің, жерлер мен оқиғалардың тағылымды тұстарына мән береміз.

^ 12-абзац Түпбейнелер мен бейнелер туралы 2015 жылғы “Күзет мұнарасының” 15 наурыздағы санынан (9—11 б., 7—12 абз.) және сол журналдың “Оқырман сауалдарынан” (17, 18-б.) қараңыз.