Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 4А

“Төрт беті бар тіршілік иелері”

“Төрт беті бар тіршілік иелері”

Езекиелдің Бабылдағы сарайлар мен ғибадатханалардың алдында күзетші сияқты тұрған ерекше алып мүсіндерді көргені сөзсіз. Бұлар адамдікіндей бастары, құстікіндей қанаттары бар бұқа мен арыстанның мүсіндері еді. Мұндай мүсіндер ежелгі Ассирия мен Бабыл елінде көптеп кездескен. Биіктігі 6 метрге дейін жететін осындай алып жаратылыстардың мүсіндерін көргенде, Езекиел де басқа адамдар сияқты аңтарыла қарап қалса керек. Алайда қанша жерден айбарлы көрінбесін, олар бар болғаны тастан қашап жасалған жансыз мүсіндер еді.

Ал Езекиел аянда көрген тіршілік иелері тірі болды. Не деген орасан зор айырмашылық! Көз алдындағы көріністің әсерлі болғаны сонша — Езекиел одан көзін ала алмады (Езек. 1:5—22). Ол Құдай тағының астында бір уақытта бірдей қозғалған төрт тіршілік иесін көргенде, Ехоба өзінің күллі жаратылыстарын толық басқарып отырғанын түсініп, өте ерекше әсер алса керек. Ехобаның ұлылығы мен құдіретін, бүкіләлемдік билігінің сән-салтанатын паш ететін бұл аян бүгінде бізді де таң-тамаша қалдырады! (Шеж. 1-ж. 29:11).