Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 10Б

Ол сізді аяққа тұрғызады

Ол сізді аяққа тұрғызады

ЕЗЕКИЕЛ 37:1—14 тармақтардағы аян жайлы ой жүгірткеніңіз қиындығыңызды қайыспай көтеруге көмектеседі. Қалайша?

Кейде өмірдің қыспақтары мен сынақтары қатты қажытатыны сонша — Ехобаға әрі қарай қызмет ете алмайтындай күй кешуіміз мүмкін. Бірақ осындай сәттерде Езекиелдің ерекше аяны жайлы ой жүгіртсек, қайтадан күш-қуатқа ие боламыз. Пайғамбарлық мәні бар бұл аяннан қурап қалған сүйектерге жан бітіре алатын Құдайдың бізге де күш бере алатынын білеміз. Оның көмегімен біз тіпті төзу мүмкін еместей көрінетін қиындықтардан өте аламыз (Зәбүр 18:29 оқыңыз; Філіп. 4:13).

Езекиелге дейін көптеген ғасыр бұрын өмір сүрген Мұса пайғамбар Ехобаның өз халқына күш беріп қана қоймай, мұны зор ықыласпен істейтінін айтқан. Ол: “Құдай ежелден бергі қорғаның, Оның мәңгі қолы сені демейді”,— деп жазған (Мұс. 5-ж. 33:27). Иә, қиындыққа сүрініп жығылғанда Құдайымыз Ехобаға жүгінсек, ол бізді қолымен демеп көтеріп, “аяғымызға тұрғызады” (Езек. 37:10).