Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 18А

Ехобаның алдағы ұлы соғыс жайындағы ескертулері

Ехобаның алдағы ұлы соғыс жайындағы ескертулері

Ехоба оның өзіне және халқына қарсы шығатындардың бәрін жойып жібереді. Киелі кітапта осы шешуші соғыс жайында ескертетін көп пайғамбарлық жазылған. Сол пайғамбарлықтардың кейбірі төменде келтірілген. Олардың қандай ұқсас жақтары бар екенін және сол ескертулерді барлық адамдар естіп, соған сай әрекет ете алулары үшін Ехоба қандай қам жасағанын байқап көріңіз.

ЕЖЕЛГІ ИСРАИЛДІҢ КЕЗІНДЕ

ЕЗЕКИЕЛ: “Әлемнің Әміршісі Ехоба мынаны айтады: — Мен күллі тауларымда Гогтың басына семсер үйіремін” (Езек. 38:18—23).

ЕРЕМИЯ: “Ехоба... барлық адамды өзі соттайды. Зұлымдарды семсердің жүзімен құртады” (Ерм. 25:31—33).

ДАНИЯЛ: “Көктегі Құдай ешқашан жойылмайтын патшалық орнатады. Бұл патшалық... сол патшалықтардың бәрін қиратады” (Дан. 2:44).

Б. З. I ҒАСЫРЫНДА

ИСА: “Сол уақытта дүние жаратылғаннан бері осы уақытқа дейін болмаған... зор алапат болады” (Мат. 24:21, 22).

ПАУЫЛ: “Иса құдіретті періштелерімен... Құдайды білмейтіндерден... кек алады” (Сал. 2-х. 1:6—9).

ПЕТІР: “Ехобаның күні ұры іспетті келеді... Жер мен ондағы істер әшкере болады” (Пет. 2-х. 3:10).

ЖОХАН: “Халықтарды шауып тастау үшін [Исаның] аузынан өткір ұзын семсер шығып тұрды” (Аян 19:11—18).

БІЗДІҢ КЕЗІМІЗДЕ

Киелі кітап — адамзат тарихындағы ең көп тілге аударылған және таралымы ең көп кітап

ЕХОБАНЫҢ БҮГІНДЕГІ ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ...

  • жүздеген тілге аударылған Киелі кітаптың миллиардтаған данасын таратады

  • жыл сайын уағыз ісіне миллиардтан аса сағат жұмсайды