Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ҚОРШАУ 21А

“Тарту ретінде бөліп қойыңдар”

“Тарту ретінде бөліп қойыңдар”

ЕЗЕКИЕЛ 48:8

Ехобаға арнап бөлінген жер телімін қазір жақыннан көрейік. Ол бес бөліктен тұрады. Бұл қандай бөліктер? Олар не мақсатпен бөлінген?

А. “Тарту”

Ұзыннан жатқан бұл жерде басқарма істері жүргізіледі.

ЕЗЕК. 48:8

Ә. “Төртбұрышты тарту”

Бұл жер діни қызметкерлер, леуіліктер және қала үшін бөлінген. Ол жерге 12 рудың адамдары да келіп, Ехобаға ғибадат етеді және қаладағы басқарма ісіне қолдау көрсетеді.

ЕЗЕК. 48:20

Б. “Басшыға арналған жер”

“Бұл жер басшының Исраилдегі иелігіне айналады”. “Жер телімі басшының меншігі болады”.

ЕЗЕК. 45:7, 8; 48:21, 22

В. “Киелі тарту”

Бұл жер “киелі аудан” деп те аталады. Оның жоғарғы бөлігі “леуіліктерге” арналған, әрі “ол Ехоба үшін киелі болып есептеледі”. Ал ортаңғы бөлігі — “діни қызметкерлерге арналған киелі тарту”. “Олардың тұратын үйлері мен ғибадатханаға арналған киелі орын сол жерде болады”.

ЕЗЕК. 45:1—5; 48:9—14

Г. “Қалған жер”

“Бұл бүкіл Исраил үйінің меншігі болмақ”, әрі ол “жалпы қолданысқа, яғни үй салып, мал жаюға беріледі”.

ЕЗЕК. 45:6; 48:15—19