Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Делегаттарға арналған мағлұмат

Делегаттарға арналған мағлұмат

АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ

ПАТШАЛЫҚТЫ ЖАРИЯЛАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН МЕКТЕП. Қызмет аясын кеңейткісі келетін жасы 23 пен 65 аралығындағы ізашарлар жексенбі күні түсте өтетін Патшалықты жариялаушыларға арналған мектепке қатысты кездесуге шақырылады. Бұл кездесудің қай уақытта және қай жерде өтетіні жайлы алдын ала хабарланады.

ДЕЛЕГАТТАРҒА АРНАЛҒАН МАҒЛҰМАТ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІЛЕР. Қызмет көрсетушілердің мақсаты — сіздерге көмектесу. Олардың көлікті қоюға, конгресс ғимаратына кіріп-шығуға, орын алуға және тағы басқа жайттарға қатысты нұсқауларын ұстана отырып, олармен толығымен қызметтес болуыңызды өтінеміз.

ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІ. Шомылдыру рәсімінен өтетін адамдарға арналған орындар сахнаның алдындағы қатарларында орналасқан. Шомылдыру рәсімінен өтушілер өздеріне арналған баяндаманы тыңдау үшін сенбі күні таңертең арнайы белгіленген қатардан орын алулары керек. Әрқайсысы сүлгі және суға түсуге арналған қарапайым киім әкелгені жөн.

ЕРІКТІ САДАҚА. Конгресс жанға жағымды болып, Ехобаға жақындай түсуге көмектесуі үшін жеткілікті орындар, дыбыс аппаратурасы және видео құрылғылар қажет, әрі әртүрлі қызмет көрсетілуге тиіс, ал бұл айтарлықтай қаржыны талап етеді. Сіздердің ерікті садақаларыңыз осы шығындардың орнын толтыруға көмектеседі, сонымен қатар дүниежүзілік іске қолдау көрсетеді. Сіздерге ыңғайлы болу үшін бірден байқауға болатын ерікті садақаға арналған жәшіктер қойылған. Садақаларыңыз жоғары бағаланады, сондай-ақ Патшалық ісіне жомарттықпен қолдау көрсеткендеріңіз үшін Басқарушы кеңес ризашылығын білдіреді.

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК. Бұл жерде ТЕК ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҒАНА көрсетілетінін есте ұстауларыңызды өтінеміз.

ЖОҒАЛҒАН ЗАТТАРДЫ САҚТАЙТЫН ОРЫН. Тауып алған заттардың бәрін жоғалған заттарды сақтайтын орынға апару керек. Қандай да бір затыңызды жоғалтқан болсаңыз, сол жерге барсаңыз болады. Ата-анасын жоғалтқан балаларды да осында ертіп әкелген жөн. Бірақ ешкімді қажетсіз күйбелеңге түсірмес үшін, балаларыңызға қарап, қасыңызда алып жүруіңізді өтінеміз.

ОРЫН АЛУ. Өзгелерге мұқият болуыңызды өтінеміз. Өзіңізбен бірге бір көлікте келген, бір үйде тұратын не сізбен зерттеу сабағын өтіп жүрген адамдарға ғана орын алуға болатынын есте ұстаңыз. Бос орындарға еш нәрсе қоймауларыңызды сұраймыз.

ЕРІКТІ ҚЫЗМЕТ. Конгреске байланысты жұмыстарға қатысқыңыз келсе, Ақпарат және Ерікті қызметшілер бөліміндегі бауырластарға жолығыңыз.

Бағдарламаны Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі дайындаған