Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3-САБАҚ

Сұрақтар қолдану

Сұрақтар қолдану

Матай 16:13—16

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушылардың қызығушылығын ояту үшін әрі ұстап қалу үшін, сондай-ақ олармен бірге ой жүгірту үшін және маңызды ойларға айрықша назар аудару үшін, ізетпен сұрақтар қойыңыз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Қызығушылық оятып, ұстап қалуға тырысу. Тыңдаушыларды ойша жауап беруге талпындыру үшін, я болмаса әуесқойлығын ояту үшін риторикалық сұрақтар қойыңыз.

  • Олармен бірге ой жүгірту. Тыңдаушыларға бірқатар сұрақтар қою арқылы келтірілген дәлелдердің қисынды екенін көруге көмектесіңіз. Осылай олар дұрыс тұжырымға келе алады.

  • Маңызды ойларға айрықша назар аудару. Негізгі ойды айтар алдында қызығушылық оятатын сұрақ қойыңыз. Маңызды ойды қарастырған соң немесе сөзіңізді аяқтаған соң, қайталау сұрақтарын қойыңыз.