Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-САБАҚ

Жазба орындарына алғы сөз

Жазба орындарына алғы сөз

Матай 22:41—45

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларыңызды оқылатын жазба орнын түсінуге даярлаңыз.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Жазба орнын не үшін оқығалы жатқаныңызды анықтап алу. Бұл сізге тыңдаушылардың назарын оқылатын тармақтың басты ойына аударатындай етіп алғы сөз айтуға көмектеседі.

  • Киелі кітапқа беделді кітап ретінде жүгіну. Құдайға сенетін адамдарға сөйлеп тұрсаңыз, Киелі кітапқа Құдай Сөзі ретінде назар аударыңыз. Осылайша Құдайдың даналығын айтып тұрғаныңызды көрсетесіз.

  • Жазба орнына қызығушылық ояту. Бір сұрақ қойып, жауабын тармақтан табуға болатынын айтыңыз; қандай да бір проблеманы қозғап, шешімі тармақта жазылғанын көрсетіңіз; я болмаса Жазбалардағы оқиғаның көмегімен қандай да бір принципке көңіл аударыңыз.