Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

12-САБАҚ

Жылулық пен жанашырлық

Жылулық пен жанашырлық

Салоникалықтарға 1-хат 2:7, 8

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Сөйлегенде сезімдеріңіз шынайы болып, тыңдаушылардың қамын ойлайтыныңыз көрінсін.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Тыңдаушылар жайлы ойлану. Олардың қандай қиындықтарға кезігіп жүргені туралы ойлап көріңіз. Қандай күйде жүргендерін елестетіп, түсінуге тырысыңыз.

  • Сөзді мұқият таңдау. Тыңдаушыларыңызды сергітуге, көңілдерін жұбатуға, бойларына күш құюға тырысыңыз. Көңілді түсіретін сөздерден аулақ болыңыз. Куәгер емес адамдар жайлы немесе олардың шын жүректен сенетін нанымдары жайлы кемсітіп сөйлемеңіз.

  • Қызығушылық білдіру. Жылы-жұмсақ үнмен және орынды ишараттармен тыңдаушылардың қамын ойлайтыныңызды көрсетіңіз. Бұл бет қимылыңыздан да көрініп тұрсын. Көбірек жымиыңыз.