Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

18-САБАҚ

Пайдалы мәлімет айту

Пайдалы мәлімет айту

Қорынттықтарға 1-хат 9:19—23

САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Тыңдаушыларды ойландыруға тырысыңыз, олар өздеріне пайдалы мәлімет алғанын сезінсін.

ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:

  • Тыңдаушылар не білетіні жайында ойлау. Оларға белгілі жайтты қайталап қоя салмай, тақырыпты басқа қырынан көрулеріне көмектесіңіз.

  • Ізденіс жасап, ой жүгірту. Негізгі ойларды түсіндіру үшін, орайы келсе, тыңдаушыларға онша таныс емес айғақтар мен оқиғаларды қосыңыз. Бірақ олар мәліметіңізбен қаншалықты қиысатыны жайлы жақсылап ой елегінен өткізіңіз.

  • Мәліметтің пайдасын көрсету. Жазбалардағы ойлардың күнделікті өмірде қандай пайдасы бар екенін тыңдаушыларға түсіндіріңіз. Оларға тікелей қатысы бар жағдайларды, көзқарастар мен іс-әрекеттерді талқылаңыз.