20-САБАҚ
Ұтымды қорытынды сөз
Уағыздаушы 12:13, 14
САБАҚТЫҢ БАСТЫ ОЙЫ: Сөздің соңында тыңдаушыларды айтылған мәліметті көңілге түйіп, іс жүзінде қолдануға талпындырыңыз.
ҮЙРЕНУ ЖОЛДАРЫ:
-
Қорытындыны тақырыппен байланыстыру. Тақырып пен негізгі ойларды қайталап шығыңыз немесе оларды басқа сөздермен айтып өтіңіз.
-
Тыңдаушыларға талпыныс беру. Оларға не істеу керектігін және соның келелі себебін айтыңыз. Ынта-жігермен әрі нық сеніммен сөйлеңіз.
-
Қорытындыны қарапайым да қысқа жеткізу. Қорытынды жасағанда, жаңа ойлар айтпаңыз. Сөз соңында бірауыз сөзбен тыңдаушыларды игі іске талпындырыңыз.