Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

16-САБАҚ

Жерде болғанда Иса пайғамбар не істеді?

Жерде болғанда Иса пайғамбар не істеді?

Иса десе кейбіреулердің ойына қорғансыз, әлсіз нәресте, тағы біреулеріне ғұлама пайғамбар не қиналып өлген адам келеді. Бірақ біз оның жердегі өмірін қарастыру барысында, ол туралы көп мәлімет біле аламыз. Осы сабақта Иса пайғамбардың қандай аса маңызды істермен айналысқанын әрі олардың бізге қандай пайдасы бар екенін талқылаймыз.

1. Иса пайғамбардың негізгі ісі не болды?

Исаның негізгі ісі “Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды жариялау еді” (Лұқа 4:43 оқыңыз). Ол уағыздағанда, Құдай бір патшалықты, яғни үкіметті орнатады деген жақсы хабар айтып жүрді. Сол үкімет қана бүкіл адамзаттың қиындығын шешеді a. Иса жанға шуақ беретін осы хабарды талмай үш жарым жыл бойы айтты (Матай 9:35).

2. Исаның жасаған кереметтерінің мақсаты қандай еді?

Киелі кітапта “Құдай Иса арқылы құдіретті істер, кереметтер мен белгілер көрсеткені” жазылған (Елшілердің істері 2:22). Құдайдың құдіретімен Иса табиғат күштерін басқара алған, мыңдаған адамды тамақтандырған, ауруларды сауықтырған, тіпті өлген адамдарға қайтадан өмір сыйлаған (Матай 8:23—27; 14:15—21; Марқа 6:56; Лұқа 7:11—17). Иса жасаған кереметтер оны Құдай жібергенінің дәлелі болды. Сондай-ақ бұл кереметтер біздің барлық қиындықтарымызды шешуге Құдайдың құдіреті жететінін көрсетті.

3. Иса пайғамбардың өмірінен не үйренеміз?

Иса қандай жағдай болмасын, Ехобаны тыңдаған (Жохан 8:29 оқыңыз). Басқалар қарсылық көрсетсе де, Иса өлгенге дейін Әкесінің айтқанын бұлжытпай істеді. Осылайша ол адам тіпті қиын жағдайда да Құдайға адал қызмет ете алатынын дәлелдеді. Иә, ол бізге “оның ізімен тура жүру үшін үлгі қалдырды” (Петірдің 1-хаты 2:21).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Иса пайғамбар ізгі хабарды қалай уағыздағанын және қандай кереметтер жасағанын қарастырып көрейік.

4. Иса ізгі хабарды айтты

Иса мүмкіндігінше көп адамға ізгі хабарды айту үшін, шаңды жерлермен жүздеген шақырым жол жүретін. Лұқа 8:1 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Иса өзін тыңдауға келген жұртқа ғана уағыздаған ба?

  • Иса адамдарды табу үшін не істеген?

Иса ізгі хабарды жариялайтынын Құдай алдын ала айтып кеткен. Ишая 61:1, 2 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Иса осы пайғамбарлықты қалай орындады?

  • Бүгінде осы ізгі хабар адамдарға керек деп ойлайсыз ба?

5. Иса қандай тәлімдер берді?

Иса Құдай Патшалығы туралы ізгі хабарды уағыздаумен қатар, адамдарға пайдасы тиетін ақыл-кеңестер де берді. Мысалы, оның Таудағы уағызында айтқан бірнеше кеңесін қарастырып көрейік. Матай 6:14, 34 және 7:12 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Осы тармақтарда Иса қандай пайдалы кеңестер берді?

  • Қалай ойлайсыз, бүгінде де бұл кеңестердің пайдасы бар ма?

6. Иса кереметтер жасады

Ехоба Исаға көптеген керемет жасайтын құдірет берді. Сондай кереметтің біреуін Марқа 5:25—34 оқыңыздар немесе БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер. Сосын төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бейнероликтегі науқас әйел не нәрсеге сенімді болды?

  • Бұл керемет сізге несімен әсерлі болды?

Жохан 5:36 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Исаның кереметтері ол туралы нені куәлік етті немесе дәлелдеді?

Біле жүріңіз

Иса жайында білетініміздің көбі Інжіл деген кітапта жазылған. Оған Матай, Марқа, Лұқа және Жохан деген кітаптар кіреді. Төрт жазушының әрқайсысы Иса туралы кейбір айрықша мәліметтер қосқан. Осы кітаптың төртеуін де оқып шыққан кезде, Исаның көңілді баурап алатын тұтас өмірі шыға келеді.

  • МАТАЙ

    өз кітабын бірінші болып жазды. Ол Исаның тәлімдеріне, әсіресе Құдай Патшалығы жайлы үйреткендеріне көп мән берген.

  • МАРҚА

    жазған кітап ең қысқасы. Ондағы қызықты оқиғалар тез-тез баяндалған.

  • ЛҰҚА

    Иса үшін дұғаның қаншалықты маңызды болғанына және әйелдерге мейіріммен қарағанына көңіл аударған.

  • ЖОХАН

    Исаның мінезіне көбірек назар аударған. Ол Исаның жақын достарымен және басқалармен айтқан әңгімесі жайында көп жазған.

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Иса басқа пайғамбарлардан ерекше емес”.

  • Сіз не ойлайсыз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Иса пайғамбар Құдай Патшалығы жайлы уағыздаған, кереметтер жасаған және қандай жағдай болса да, Ехобаны тыңдаған.

Қайталау

  • Иса жерде қандай іс атқарды?

  • Исаның жасаған кереметтері ненің дәлелі болды?

  • Иса қандай пайдалы кеңестер айтқан?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Исаның кереметтер жасағанына неліктен сенуге болатынын көріңіз.

“Исаның кереметтері не туралы айтады?” (“Күзет мұнарасы”, 1 тамыз, 2004)

Исаның жанқиярлығы бір кісіге қалай әсер еткенін оқып көріңіз.

“Қара басымды ойлап өмір сүрдім” (“Күзет мұнарасы”, 1 қазан, 2014)

Исаның өміріндегі басты оқиғалар хронологиялық тәртіппен берілген кестені қараңыз.

“Исаның жердегі өмірінің басты оқиғалары” (“Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы”, A7 қосымшасы)

a Құдай Патшалығы туралы 31—33 сабақтарда талқыланады.