Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

18-САБАҚ

Иса Мәсіхтің шынайы ізбасарларын қалай анықтауға болады?

Иса Мәсіхтің шынайы ізбасарларын қалай анықтауға болады?

Миллиардтаған адам өздерін христианбыз, Мәсіхтің ізбасарымыз деп атайды. Бірақ олардың діни нанымдары да, ұстанатын заң-талаптары да бір-бірінен өзгеше. Олай болса, Иса пайғамбардың шынайы ізбасарлары кім екенін қалай білуге болады?

1. Иса Мәсіхтің ізбасарлары кімдер?

Иса Мәсіхтің соңынан ерген шәкірттерді “мәсіхшілер” деп атайды (Елшілердің істері 11:26 оқыңыз). Исаның шәкірттері екенін олар қалай дәлелдейді? Иса: “Егер менің сөзімді ұстансаңдар, шынымен менің шәкіртімсіңдер”,— деген (Жохан 8:31). Демек, шынайы шәкірттер Исаның үйреткен тәлімдерін ұстану керек. Иса тәлім бергенде, әрдайым Жазбаларға сүйенген. Оның соңынан шынымен еретіндер де дәл солай істейді (Лұқа 24:27 оқыңыз).

2. Мәсіхтің шынайы ізбасарлары бір-бірін жақсы көретінін қалай көрсетеді?

Иса шәкірттеріне: “Бір-біріңді мен өздеріңді сүйгендей сүйіңдер”,— деп айтқан (Жохан 15:12). Иса оларды жақсы көретінін қалай көрсетті? Олармен уақыт өткізді, мақтап, жігер берді және әрдайым көмектесіп отырды. Тіпті олар үшін өмірін қиды (Жоханның 1-хаты 3:16). Бүгінде де Мәсіхтің шынайы шәкірттері бір-бірін жақсы көретінін құр сөзбен емес, ісімен де көрсетеді.

3. Мәсіхтің шынайы ізбасарлары қандай іс атқарады?

Иса шәкірттеріне маңызды іс тапсырып, “Құдай Патшалығы туралы уағыздауға жіберді” (Лұқа 9:2). Оның алғашқы шәкірттері ғибадат орындарында ғана емес, көпшілік жүретін жерлерде, үйлерге барып та уағыздаған (Елшілердің істері 5:42; 17:17 оқыңыз). Бүгінде де Мәсіхтің шынайы ізбасарлары Киелі кітаптағы шындық туралы адамдар бар жерлерде уағыздайды. Олар барлық адамдарды жақсы көреді, сондықтан Киелі кітаптағы сөздермен жұбатып, оларға үміт сыйлау үшін уақыттары мен күштерін аямайды (Марқа 12:31).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Мәсіхтің тәлімін ұстанып, оған еліктейтіндер мен еліктемейтіндерді қалай ажыратуға болатынын көрейік.

4. Олар Киелі кітаптағы шындықты іздейді

Ертедегі мәсіхшілер Құдай Сөзін бағалаған

Өзін мәсіхшіміз дейтіндердің бәрі бірдей Киелі кітап шындықтарын түсінуді маңызды деп ойламайды. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

  • Кейбір христиан шіркеулері адамдарға Исаның тәлімдерін білуге қалай кедергі жасады?

Иса Құдай Сөзіндегі шындықты үйреткен. Жохан 18:37 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Исаның сөзіне сай, “шындықты жақтайтын” мәсіхшілерді қалай анықтай аламыз?

5. Олар Киелі кітаптағы шындықты уағыздайды

Ертедегі мәсіхшілер басқаларға уағыздаған

Иса көкке көтерілмес бұрын, өз ізбасарларына бір іс тапсырды. Бұл іс әлі де жалғасып келеді. Матай 28:19, 20 және Елшілердің істері 1:8 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Уағыз ісі қандай көлемде атқарылу керек еді?

6. Олар нені уағыздаса, соны істейді

Том есімді ер кісінің шынайы мәсіхшілерді тапқанына көзін жеткізген не? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бейнероликтегі Томның не себептен діннен көңілі қалды?

  • Исаның шынайы ізбасарларын тапқанына ол неге сенімді болды?

Сөзден гөрі іс маңызды. Матай 7:21 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Иса үшін не маңызды: сенем деп сөзбен айтқанымыз ба, әлде оны іспен дәлелдегеніміз бе?

7. Олар бір-бірін жақсы көреді

Ертедегі мәсіхшілер бір-бірін жақсы көрген

Исаның шынайы ізбасарлары бір-бірі үшін бастарын қатерге тігуге дайын ба? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ллойд деген кісі Йохансон бауырлас үшін неге өмірін беруге дайын болды?

  • Мұнысы шынайы мәсіхшілерге тән әрекет дей аласыз ба?

Жохан 13:34, 35 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Исаның шәкірттері (шынайы мәсіхшілер) басқа ұлттың, нәсілдің адамдарына қалай қарайды?

  • Соғыс болғанда, олар қалай әрекет етеді?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Қай дінді ұстанса да, барлығы бір Құдайға сиынады ғой”.

  • Құдайдың шынайы ізбасарлары белгілі бір талаптарға сай келу керектігін көрсету үшін адамға қай тармақты оқып берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Исаның шынайы ізбасарлары Киелі кітапта жазылғандарды орындайды, риясыз сүйіспеншілік танытады және Киелі кітаптағы шындықтарды уағыздайды.

Қайталау

  • Исаның шынайы шәкірттері діни-нанымдарын не нәрсеге негіздейді?

  • Исаның шынайы шәкірттерін ерекшелендіретін қай қасиет?

  • Олар қандай істі атқарады?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Иса Мәсіхтің тәлімдерін ұстанып, үлгісіне еліктейтін адамдар жайлы біліңіз.

“Ехоба куәгерлері деген кімдер?” (1:13)

Бұрын монах болған бір әйел қалай “жаңа отбасын” тапқанын оқып көріңіз.

“Олар кез келген сұраққа Киелі кітаптан жауап берді!” (“Күзет мұнарасы”, 1 сәуір, 2014)

Шынайы мәсіхшілер көмекке мұқтаж діндестеріне қалай сүйіспеншілік танытатынын көріңіз.

“Табиғи апат кезінде бауырластарға қол ұшын беру” (үзінді) (3:57)

Ертедегі мәсіхшілер сияқты бүгіндегі шынайы мәсіхшілер де Исаның ізбасарларына тән әрекет ететінін оқып көріңіз.

“Шынайы мәсіхшілерді қалай тани аласыз?” (“Күзет мұнарасы” (ор.), 1 наурыз, 2012)