Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

19-САБАҚ

Ехоба куәгерлері Иса Мәсіхтің шынайы ізбасарлары ма?

Ехоба куәгерлері Иса Мәсіхтің шынайы ізбасарлары ма?

Біз, Ехоба куәгерлері, өзімізді Иса пайғамбардың шынайы ізбасарлары деп есептейміз. Неге екенін білу үшін діни-нанымдарымызды не нәрсеге негіздейтінімізді, бізді ерекшелендіретін атымызды және бір-бірімізге деген сүйіспеншілігімізді қарастырайық.

1. Ехоба куәгерлері наным-сенімдеріне нені негіз етіп алады?

Иса: “[Құдайдың] сөзі — шындық”,— деген (Жохан 17:17). Иса секілді Ехоба куәгерлері де Құдай Сөзін әрдайым өздерінің наным-сенімдеріне негіз етіп алады. Мысалы, Ехоба куәгерлерінің тарихына тоқтала кетейік (бұрын олар Киелі кітап зерттеушілері деп аталған). XIX ғасырдың соңында бір топ Киелі кітап зерттеушісі Құдай Сөзін мұқият зерттей бастады. Зерттеу барысында олар шіркеудің кейбір ілімдері Киелі кітапқа сай келмейтінін түсінді. Сөйтіп, олар Құдай Сөзінен ауытқымауды нық шешті. Содан бастап олар тапқан шындықтарын өзгелерге айта бастады a.

2. Неге біз Ехоба куәгерлері деп аталамыз?

Ехоба өзінің қызметшілерін “куәгерім” деп атайды, өйткені олар ол жайында шындықты жеткізеді (Еврейлерге 11:4—12:1). Мысалы, ежелде Құдай өз халқына: “Сендер менің куәгерлерімсіңдер”,— деген (Ишая 43:10 оқыңыз). Киелі кітапта Иса да “Адал куәгер” деп аталған (Аян 1:5). Сондықтан 1931 жылы біз Ехоба куәгерлері деген атты алдық. Біз осы атпен аталатынымызды мақтан тұтамыз.

3. Ехоба куәгерлері Исаның сүйіспеншілігіне қалай еліктейді?

Иса өзінің шәкірттерін жақсы көргені сонша — оларды отбасындай көрген (Марқа 3:35 оқыңыз). Бүгінде Ехоба куәгерлері де — бірлігі жарасқан халықаралық отбасы. Сондықтан біз бір-бірімізді “бауырлас” деп атаймыз (Філімонға 1, 2). Біз сондай-ақ Киелі кітаптағы: “Барлық бауырластарды сүйіңдер”,— деген өсиетке құлақ асамыз (Петірдің 1-хаты 2:17). Ехоба куәгерлері мұндай сүйіспеншілікті әртүрлі жағдайда көрсетеді, мысалы, дүниежүзіндегі басына қиындық түскен бауырластарына қол ұшын береді.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехоба куәгерлерінің тарихына тереңірек үңіліп, олардың шынайы мәсіхшілер екеніне қосымша дәлелдер қарастырайық.

Шынайы мәсіхшілер өз наным-сенімдерін Киелі кітапқа негіздейді әрі оларды өзгелерге айтады

4. Біз нанымдарымызды Киелі кітапқа негіздейміз

Ехоба Киелі кітаптағы шындықтардың уақыт өте келе айқындала түсетінін алдын ала айтқан. Даниял 12:4 пен сілтемесін оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Киелі кітапты зерттеген сайын, Құдай халқында не нәрсе молая түсу керек еді?

Бір топ Киелі кітап зерттеушісі, соның бірі — Чарльз Рассел, Құдай Сөзін қалай зерттегенін біліңіз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, сосын мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Чарльз Рассел мен оның серіктестері Киелі кітапты қалай зерттеді?

Біле жүріңіз

Кейде біз кейбір нанымдарымызға өзгеріс енгізіп жатамыз. Неге? Мысалы, күн көтерілген сайын, айналадағы кішігірім нәрселер анық көріне бастайды. Сол секілді Құдай өз Сөзіне қатысты бірте-бірте түсінік сыйлайды (Нақыл сөздер 4:18 оқыңыз). Әрине, Киелі кітап өзгермейді, бірақ оны жақсырақ түсініп жатсақ, соған сай біз түсінігімізді өзгертеміз.

5. Атымызға затымыз сай

Неге біз Ехоба куәгерлері деп аталдық? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

  • Неге Ехоба куәгерлері деп аталу жөн болды?

Неге Ехоба өзіне куәгер болатын адамдарды таңдады? Өйткені ол туралы көп жалған сөз тарады, сондықтан оның шынайы Құдай екенін айтатындар керек болды. Сол көп өтіріктің екеуіне назар аударайық.

Кейбір діндер Құдай өзіне пұттар не мүсіндер арқылы құлшылық еткенді қалайды деп үйретеді. Бірақ бұл солай ма? Мұсаның 3-жазбасы 26:1 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бұл жерде қандай шындық жазылған? Ехоба пұттар жайлы не ойлайды?

Кейбір дінбасылар Исаны Құдай деп үйретеді. Бірақ бұл солай ма? Жохан 20:17 оқып, келесі сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бұл жерде қандай шындық жазылған? Иса Құдай ма?

  • Ехоба өзі және Ұлы жайлы шындықты айтсын деп, өз Куәгерлерін жібергенін білдіңіз. Бұл сізге қалай әсер етті?

6. Біз бір-бірімізді сүйеміз

Киелі кітапта Мәсіхтің ізбасарлары әртүрлі дене мүшелерімен салыстырылған. Қорынттықтарға 1-хат 12:25, 26 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Бауырласы азап шеккенде, шынайы мәсіхші қалай әрекет етеді?

  • Ехоба куәгерлерінің арасындағы сүйіспеншілікті неден байқадыңыз?

Бір жерде Ехоба куәгерлері жапа шегіп жатса, бүкіл дүниежүзіндегі Ехоба куәгерлері бірден көмекке келеді. Соның бір мысалын тамашалаңыз. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехоба куәгерлері табиғи апаттан зардап шеккендерге қалай сүйіспеншіліктерін көрсетеді?

Шынайы мәсіхшілер мұқтаж жандарға сүйіспеншілік көрсетеді

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Ехоба куәгерлері жаңадан пайда болған дін емес пе?!”

  • Ехоба өз қызметшілерін қашаннан бері “куәгерлер” деп атаған?

ТҮЙІНДЕМЕ

Ехоба куәгерлері — Иса Мәсіхтің шынайы ізбасарлары. Біз дүниежүзілік отбасымыз, сенім-нанымдарымызды Киелі кітапқа негіздейміз және Ехоба Құдай туралы шындықты айтамыз.

Қайталау

  • Неліктен біз Ехоба куәгерлері деп аталдық?

  • Біз бір-бірімізді сүйетінімізді қалай көрсетеміз?

  • Қалай ойлайсыз, Ехоба куәгерлері Иса Мәсіхтің шынайы ізбасарлары ма?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Ехоба куәгерлері жалған ілімдерді қалай талқандайды? Соның бір мысалын көріңіз.

“Құдай есімін даңқтайтын халық” (7:08)

Ехоба куәгерлері жайында сұрақтарыңызға жауап алыңыз.

“Ехоба куәгерлері жөнінде жиі қойылатын сұрақтар” (jw.org сайтындағы айдар)

Стивен деген кісі кезінде қылмыскер болған. Оның өзгеруіне Ехоба куәгерлері қалай түрткі болғанын оқып көріңіз.

“Өмірім құрдымға қарай құлдилай берді” (“Күзет мұнарасы”, 1 шілде, 2015)

a 1879 жылдан бері Ехобаның халқы “Күзет мұнарасы” журналында Киелі кітаптағы шындықтарды жариялап келеді.