Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

20-САБАҚ

Қауымдар қандай тәртіппен құрылған?

Қауымдар қандай тәртіппен құрылған?

Ехоба — тәртіптің Құдайы (Қорынттықтарға 1-хат 14:33). Демек, оның халқы да тәртіппен ұйымдастырылу керек. Ехоба куәгерлерінің қауымы қандай тәртіппен құрылған? Сол тәртіпке біз қалай өз үлесімізді қоса аламыз?

1. Қауымның басшысы кім?

Киелі кітапта: “Мәсіх — қауымның... басы”,— делінген (Ефестіктерге 5:23). Ол көктен дүниежүзіндегі Ехобаның халқы атқарып жатқан іс-шараларға басшылық етіп отыр. Иса жерде “адал да ақылды құлды” тағайындады. Тәжірибесі көп ақсақалдардан тұратын бұл шағын топ Басқарушы кеңес деп те аталады (Матай 24:45—47 оқыңыз). Бірінші ғасырдағы Иерусалимдегі елшілер мен ақсақалдар сияқты, бүгінде Басқарушы кеңес те жержүзіндегі қауымдарға нұсқаулар беріп отырады (Елшілердің істері 15:2). Бірақ бұл ер кісілер біздің ұйымның бастықтары емес. Ехоба олардан не қалайтынын түсіну үшін, олар Киелі кітапты оқиды және Исаның басшылығына мойынсұнады.

2. Ақсақалдар деген кімдер және олар не істейді?

Ақсақалдар деген — Құдайға көп жылдан бері адал қызмет етіп келе жатқан ер адамдар. Олар Ехобаның халқына Жазбалардан тәлім береді, көмектеседі, бойларына жігер құяды. Атқарған еңбектері үшін олар ақша алмайды. Олар бұны Құдай алдында “шын көңілмен, қандай да бір пайда көздеп емес, бар ынта-жігермен” атқарады (Петірдің 1-хаты 5:1, 2). Қауымда ақсақалдарға көмектесетін қызмет көмекшілері бар. Уақыт өте келе олар да талаптарға сай келіп, ақсақал болады.

Басқарушы кеңес кейбір ақсақалдардың ішінен аудандық бақылаушыларды тағайындайды. Аудандық бақылаушылар түрлі қауымдарға барып, нұсқаулар береді, нығайтып, қанаттандырады. Олар Жазбалардағы арнайы талаптарға сай келетін ер адамдарды ақсақалдар мен қызмет көмекшілері етіп тағайындайды (Тімөтеге 1-хат 3:1—10, 12; Титке 1:5—9).

3. Әр Куәгердің қандай жауапкершілігі бар?

Қауымдағылардың бәрі “Ехобаның есімін мадақтайды”. Қалай? Олар қауымға түрлі жолдармен атсалысады және мүмкіндігіне қарай уағыздайды (Зәбүр 148:12, 13 оқыңыз).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Иса қандай басшы? Ақсақалдар оған қалай еліктейді? Біз қалай Исаға бағынып, ақсақалдармен қызметтесе алатынымызды білейік.

4. Иса — мейірімді басшы

Иса бізге арнап жылы сөздер айтты. Матай 11:28—30 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Иса қандай басшы және ол біздің не сезінгенімізді қалайды?

Ақсақалдар Исаға қалай еліктейді? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Киелі кітапта ақсақалдар өз міндеттерін қалай атқару керектігі нақты жазылған.

Ишая 32:2 мен Петірдің 1-хаты 5:1—3 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Ақсақалдар Иса сияқты өзгелердің жанын сергітуге асық екенін білген соң, сізде қандай сезімдер пайда болды?

  • Ақсақалдар Исаға қай жағынан еліктейді?

5. Ақсақалдар үлгі көрсетеді

Иса ақсақалдардан өз міндеттеріне қалай қарайды деп күтеді? БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Иса қауымда жетекшілік ететіндерге талап қойған. Матай 23:8—12 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Киелі кітапта ақсақалдарға қандай талап қойылған? Қалай ойлайсыз, басқа діннің жетекшілері сол талапты ұстана ма?

  1. А. Ақсақалдар өздерінің де, отбасыларының да Ехобамен достығын берік сақтайды

  2. Ә. Ақсақалдар бүкіл қауымның қамын ойлайды

  3. Б. Ақсақалдар әрдайым уағыздайды

  4. В. Ақсақалдар тәлім береді. Сондай-ақ олар тазалық сияқты басқа да жұмыстарды істейді

6. Біз ақсақалдарды қолдаймыз

Киелі кітапта неге ақсақалдарды қолдауымыз керектігінің маңызды себебі жазылған. Еврейлерге 13:17 оқып, мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Неге Киелі кітапта басшылықты қолға алғандарға қуана мойынсұнуымыз керек деп айтылған? Сіз бұған қатысты не ойлайсыз?

Лұқа 16:10 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Неге тіпті кішкене мәселеде де ақсақалдарды тыңдағанымыз маңызды?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Қандай да бір діни ұйымда болу шарт емес”.

  • Адам Құдайға қауыммен бірге құлшылық етсе, қандай пайдасын көреді деп ойлайсыз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Иса — қауымның басы. Біз Исаның билігіне мойынсұнатын ақсақалдарға қуана қолдау көрсетеміз. Өйткені олар жанымызды сергітіп, өз үлгілерімен тәлім береді.

Қайталау

  • Қауымның басшысы кім?

  • Ақсақалдар қауымдағыларға қалай көмектеседі?

  • Әр Куәгердің қандай жауапкершілігі бар?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Бүгінде Басқарушы кеңес пен басқа да ақсақалдар өз бауырластары үшін қаншалықты қам жейтінін көріңіз.

“Тыйым салынған елдегі бауырластарды нығайту” (4:22)

Аудандық бақылаушылардың атқаратын ісі туралы біліңіз.

“Қашықтағы аудандық бақылаушының өмірі” (4:51)

Ақсақалдар бауырластарды нығайту үшін қалай еңбектенетіні туралы оқып көріңіз.

“Ақсақалдар “қуанышты болуымыз үшін, бізбен қызметтесіп жүр” (“Күзет мұнарасы”, 15 қаңтар, 2013)