Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

21-САБАҚ

Ізгі хабар қалай уағыздалып жатыр?

Ізгі хабар қалай уағыздалып жатыр?

Жақында Ехоба өз Патшалығы арқылы адамзаттың бар қиындығын шешіп береді. Осындай жақсы хабарды қалай ғана айтпай, бүгіп қаласың?! Иса әрбір адам осы хабарды естісе екен деді, сондықтан шәкірттеріне оны айтуды тапсырды (Матай 28:19, 20). Қазіргі таңда Ехоба куәгерлері Исаның бұл тапсырмасын қалай атқарып жүр?

1. Матай 24:14-тегі сөздер бүгінде қалай орындалып жатыр?

Иса: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар... бүкіл жер бетінде уағыздалады”,— деп алдын ала айтқан (Матай 24:14). Ехоба куәгерлері бұл маңызды іске қуана атсалысып жүр. Біз дүниежүзі бойынша осы ізгі хабарды 1000-нан аса тілде уағыздап жүрміз. Осындай өте ауқымды істі атқару үшін көп тер төгу керек, оны жақсылап ұйымдастыру керек. Иә, Ехобаның көмегінсіз мұны істеу мүмкін болмас еді.

2. Адамдарға уағыздау үшін біз қалай күш салып жатырмыз?

Біз адамдар бар жерлерде уағыздаймыз. Бірінші ғасырдағы Исаның шәкірттері сияқты біз де жүйелі түрде “үйден үйге жүріп” уағыздаймыз (Елшілердің істері 5:42). Осының арқасында жыл сайын ізгі хабарды миллиондаған адам естиді. Кейде адамдарды үйден таппағандықтан, біз қоғамдық жерлерде де уағыздаймыз. Біз әрдайым Ехоба туралы және оның қалауы туралы адамдарға айтудың мүмкіндігін іздейміз.

3. Ізгі хабарды уағыздау кімнің парызы?

Исаның барлық шәкірттері ізгі хабарды уағыздау керек. Біз бұл іске парыз деп қараймыз. Ізгі хабар адамның өмірін құтқаратындықтан, оны шамамыз келгенше айтуға тырысамыз (Тімөтеге 1-хат 4:16 оқыңыз). Бұл іс үшін бізге ақша төлемейді, өйткені Киелі кітапта: “Тегін алдыңдар,— тегін беріңдер”,— деп айтылған (Матай 10:7, 8). Адамдардың бәрі бірдей хабарымызға құлақ аспаса да, біз оны айтуды доғармаймыз. Себебі Ехобаға мойынсұнғымыз келеді, әрі оны қуантқымыз келеді.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Ехоба куәгерлері жержүзі бойынша қалай уағыздайтынын және Ехоба оларға қалай көмектесетіні туралы көбірек білейік.

4. Барлық адамға уағыздау үшін еш аянбаймыз

Ехоба куәгерлері ізгі хабарды жержүзінде уағыздау үшін ерекше күш салады. БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехоба куәгерлері уағыздау үшін бар күштерін салатыны сізді несімен таңғалдырды?

Матай 22:39 бен Римдіктерге 10:13—15 оқып, сосын мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Уағыз ісімізден өзге адамдарды жақсы көретініміз қалай көрінеді?

  • Ізгі хабарды уағыздайтындар жайлы Ехоба не ойлайды? (15-тармақты қараңыз).

5. Біз Құдаймен бірге еңбектенеміз

Біздің ісімізге Ехобаның өзі бас-көз болып жатқаны көп оқиғадан анық көрінеді. Бұған — Жаңа Зеландияда болған бір жағдай дәлел. Пол деген ер бауырлас үйден үйге уағыздап, бір әйелді кезіктіреді. Сол әйел таңертең ғана Құдайдың Ехоба деген атын атап, біреу келсінші деп дұға еткен екен. “Үш сағаттан кейін-ақ мен оның есігін қағып тұрдым”,— дейді Пол.

Қорынттықтарға 1-хат 3:9 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Осындай оқиғалардан Ехоба уағыз ісіне бас-көз болып жатқаны қалай көрінеді?

Елшілердің істері 1:8 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Неге уағыз ісін атқару үшін бізге Ехобаның көмегі қажет?

Біле жүріңіз

Апта ішінде өтетін кездесуде бізге уағыздауды үйретеді. Сіз осы кездесуге барған болсаңыз, сол тәлім жайында қандай ойда қалдыңыз?

6. Біз Құдайдың бұйрығына мойынсұнғандықтан уағыздаймыз

Бірінші ғасырда қарсыластар Исаның шәкірттерінің уағызын тоқтатқысы келді. Сондықтан алғашқы мәсіхшілер уағыздау құқықтарын қорғап, “ізгі хабарды... заңдастыруға тырысты” (Філіпіліктерге 1:7). Бүгінде Ехоба куәгерлері де солай етеді a.

Елшілердің істері 5:27—42 оқып, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

БІРЕУ СҰРАСА: “Неге Ехоба куәгерлері үй аралап жүреді?”

  • Сіз қалай жауап берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Иса ізбасарларына ізгі хабарды барлық ұлттарға уағыздауды тапсырды. Ехоба өз халқына бұл істі атқаруға көмектесіп жатыр.

Қайталау

  • Ізгі хабар жержүзі бойынша қалай уағыздалып жатыр?

  • Біздің уағыз ісімізден өзге адамдарды жақсы көретініміз қалай көрінеді?

  • Уағыздауды қуаныш әкелетін іс деп ойлайсыз ба? Неге?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Ехоба куәгерлері үлкен қалаларда қалай уағыздайтынын біліңіз.

“Париждегі көпшілік орындарда уағыздау” (5:11)

Ехоба куәгерлері босқындарға көмектесу үшін не істейді?

“Босқындардың ізгі хабарды естуі” (5:59)

Өмірін уағыздауға арнап, содан бақытты болып жүрген бір әйелдің оқиғасын тыңдап көріңіз.

“Осы жолды таңдағаныма ризамын” (6:29)

Уағыз ісінің алға жылжуына сеп болған елеулі сот жеңістері туралы оқып көріңіз.

“Ізгі хабарды таратушылардың соттарға жүгінуі” (“Құдай Патшалығы билік етуде!”, 13-тарау)

a Бізге ізгі хабарды уағыздауды бұйырған — Құдайдың өзі. Сондықтан да Ехоба куәгерлеріне билік өкілдерінен рұқсат алудың қажеті жоқ.