Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

23-САБАҚ

Шомылдыру рәсімі — өкіндірмес мақсат!

Шомылдыру рәсімі — өкіндірмес мақсат!

Иса шомылдыру рәсімінен өту мәсіхшілерге қойылатын талап екенін айтқан (Матай 28:19, 20 оқыңыз). Ал шомылдыру рәсімі деген не? Сол мақсатқа қол жеткізу үшін адам не істеу керек?

1. Шомылдыру рәсімі деген не?

“Шомылдыру рәсімі” деген сөз грек тілінен шыққан, әрі ол “суға батыру” дегенді білдіреді. Иса Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өтті. Ол суға батырылып, сосын “судан шықты” (Марқа 1:9, 10). Иса сияқты шынайы мәсіхшілер де шомылдыру рәсімінен өткенде, бүкіл денесімен суға толық батырылады.

2. Шомылдыру рәсімі ненің белгісі?

Шомылдыру рәсімінен өткенде, адам өз өмірін Ехобаға бағыштағанын паш етеді. Ал адам қалай бағышталады? Шомылдыру рәсімінен өтпей тұрып, ол өз дұғасында Ехобаға мәңгі бақи қызмет еткісі келетінін айтады. Ол тек Ехобаға ғибадат ететінін және оның қалауын орындау өмірінде ең маңызды іс болатынын уәде етеді. Сондай-ақ “өзінен бас тартып”, ұдайы Исаның тәлімдері мен үлгісіне сай өмір сүруді шешеді (Матай 16:24). Бағышталу мен шомылдыру рәсімінің арқасында ол Ехобамен және оған ғибадат ететіндермен жақын достық орнатады.

3. Шомылдыру рәсімінен өту үшін не істеу керек?

Шомылдыру рәсімінен өту үшін адам Ехоба жайлы білім алып, оған деген сенімін нығайту керек (Еврейлерге 11:6 оқыңыз). Біліміңіз бен сеніміңіз артқан сайын, Ехобаға деген сүйіспеншілігіңіз де артады. Сосын ол туралы айтуға және оның заң-талаптарымен өмір сүруге деген ықыласыңыз оянады (Тімөтеге 2-хат 4:2; Жоханның 1-хаты 5:3). Сөйтіп, Ехобаға “барлық жағынан ұнамды” өмір сүре бастаған соң, адам өз өмірін Құдайға бағыштап, шомылдыру рәсімінен өтемін деген байламға келуі мүмкін (Қолостықтарға 1:9, 10) a.

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Исаның шомылдыру рәсімінен не білетінімізді және осы рәсімнен өткісі келетіндер қалай дайындалатынын білейік.

4. Исаның шомылдыру рәсімінен білеріміз

Матай 3:13—17 оқып, Исаның шомылдыру рәсімі туралы көбірек біле аласыз. Сосын мына сұрақтарды талқылаңыздар:

  • Иса шомылдыру рәсімінен нәресте кезінде өтті ме?

  • Иса шомылдыру рәсімінен қалай өтті? Кейбір діндегідей, Исаның тек басына ғана су құйылған ба?

Иса шомылдыру рәсімінен өткеннен кейін, Құдай оған арнайы тапсырған іске кірісті. Лұқа 3:21—23 және Жохан 6:38 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Иса шомылдыру рәсімінен өткен соң, қандай істі өмірінің төріне шығарды?

5. Шомылдыру рәсімі — қолжетімді мақсат

Құдайға бағышталып, шомылдыру рәсімінен өту алғашында қорқынышты көрінуі мүмкін. Алайда зерттей келе, сізде сенімділік пайда болып, осы маңызды шешімді жасауға дайын боласыз. Осылай істеген адамдар жайында білу үшін, БЕЙНЕРОЛИКТІ көріңіздер.

Жохан 17:3 пен Жақып 1:5 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Шомылдыру рәсімінен өтуге дайын болуға не көмектеседі?

  1. А. Біз Ехобаға бағышталғанда, оған мәңгі бақи қызмет еткіміз келетінін айтамыз

  2. Ә. Ал шомылдыру рәсімінен өткенде, Құдайға бағышталғанымызды паш етеміз

6. Шомылдыру рәсімінен өткенде, Ехобаның отбасына қосыламыз

Біз шомылдыру рәсімінен өткенде, бірлігі жарасқан халықаралық отбасына қосыламыз. Туған жеріміз бен алған тәрбиеміз әртүрлі болса да, сенетін нанымдарымыз бен өнегелік құндылықтарымыз бір. Зәбүр 25:14 пен Петірдің 1-хаты 2:17 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Адамның шомылдыру рәсімінен өткені Ехобамен және оған ғибадат ететін адамдармен қарым-қатынасына қалай ықпал етеді?

КЕЙБІРЕУЛЕРДІҢ АЙТАТЫНЫ: “Шомылдыру рәсімінен өтуге дайын емеспін”.

  • Осылай сезінсеңіз де, бұл мақсатқа қол жеткізгіңіз келе ме?

ТҮЙІНДЕМЕ

Иса мәсіхшілер шомылдыру рәсімінен өту керек деп айтқан. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін, адам Ехобаға берік сенім өсіру керек, оның заң-талаптарына сай өмір сүру керек және өмірін оған бағыштау қажет.

Қайталау

  • Шомылдыру рәсімі деген не және неге ол маңызды қадам?

  • Шомылдыру рәсімі нені паш етеді?

  • Адам бағышталып, шомылдыру рәсімінен өтпес бұрын не істеу керек?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Шомылдыру рәсімінің шын мәнінде не екенін оқып көріңіз.

“Шомылдыру рәсімі деген не?” (jw.org сайтындағы мақала)

Бір ер адамның шомылдыру рәсімінен өтуіне не түрткі болғанын оқып көріңіз.

“Олар шындыққа өзімнің көз жеткізгенімді қалады” (“Күзет мұнарасы”, 1 ақпан, 2013)

Шомылдыру рәсімі неге қоюға тұрарлық мақсат екенін әрі оған қалай дайындала алатыныңызды біліңіз.

“Шомылдыру рәсімінен өтуім керек пе?” (“Жастардың сауалдары” (ор.), 2-том, 37-тарау)

a Егер адам бұрын басқа дінде шомылдыру рәсімінен өткен болса, оған қайтадан шомылдыру рәсімінен өту керек. Неге? Өйткені сол дін Киелі кітаптағы шындықты үйретпеген. Елшілердің істері 19:1—5 және 13-сабақты қараңыз.