Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

27-САБАҚ

Иса пайғамбардың өлімі бізді қалай құтқарады?

Иса пайғамбардың өлімі бізді қалай құтқарады?

Адам ата мен Хауа ана Құдайды тыңдамағанның кесірінен біз күнә жасаймыз, қасірет шегеміз және өлеміз a. Бірақ біз үшін бір үміт бар. Ехоба бізді күнә мен өлімнен құтқарудың қамын жасады. Ол Иса Мәсіхті жіберді. Киелі кітаптың үйретуіне сай, Иса өмірін қиып, төлем берді. Төлем деген — біреуді бір нәрседен босату үшін төленетін құн. Исаның төлеген құны оның адами кемелді өмірі еді (Матай 20:28 оқыңыз). Ол жерде мәңгі өмір сүру құқығынан өз еркімен бас тартты. Осылайша Адам мен Хауа жоғалтқан барлық нәрсені қайтарып алуымызға жол ашты. Сондай-ақ төлем беруімен Иса өзінің және Ехобаның бізді қатты жақсы көретінін көрсетті. Осы сабақ Исаның біз үшін өлгеніне ризашылығымызды арттыратын болады.

1. Иса пайғамбардың өлімі бүгінде бізге қандай игілік әкеледі?

Бәріміз күнәкар болғандықтан, Ехобаға ұнамайтын көп нәрсе жасап жатамыз. Бірақ жасаған күнәларымыз үшін шын жүректен өкініп, Ехобадан Иса Мәсіхтің атынан кешірім сұрасақ және сол қателіктерімізді қайталамауға барынша тырыссақ, Ехобамен жақын дос бола аламыз (Жоханның 1-хаты 2:1). Киелі жазбаларда былай делінген: “Мәсіх те әділ бола тұра, әділетсіздер үшін бір рет өліп, оларды күнәларынан арылтты” (Петірдің 1-хаты 3:18).

2. Иса пайғамбардың өлімі болашақта бізге қандай игілік әкеледі?

Ехоба Исаны кемелді адами өмірін берсін деп жерге жіберді. Сонда “[Исаға] сенген әркім жойылмай, мәңгілік өмірге ие бола алады” (Жохан 3:16). Иса пайғамбар өз өмірін бергеннің арқасында Ехоба жақында Адам атаның тілазарлығынан болған бар жаманшылықты жояды. Исаның құрбандығына сенетін болсақ, жерде болатын жұмақта өмірдің рақатын мәңгі көреміз (Ишая 65:21—23).

ТЕРЕҢІРЕК ҮҢІЛІҢІЗ

Иса не үшін өмірін бергені туралы және оның қандай игілігін көретініміз жайлы көбірек білейік.

3. Исаның өлімі бізді күнә мен өлімнен азат етеді

БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, төмендегі сұрақты талқылаңыздар:

  • Адам ата Құдайды тыңдамай, қандай мүмкіндіктен айырылып қалды?

Римдіктерге 5:12 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Адам атаның күнәсі сіздің өміріңізге қалай әсер етті?

Жохан 3:16 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехоба неге өз Ұлын жерге жіберді?

  1. А. Адам ата Құдайға қарсы шыққан кемелді адам еді. Ол бүкіл адамзатты күнә мен өлім жолына түсірді

  2. Ә. Иса Құдайға мойынсұнған кемелді адам еді. Ол бүкіл адамзатты кемелділік пен мәңгілік өмір жолына түсірді

4. Исаның өлімі барлық адамға игілік әкеледі

БЕЙНЕРОЛИКТІ көріп, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Бір адамның өлімі қалайша барлық адамға пайдасын тигізбек?

Тімөтеге 1-хат 2:5, 6 мен сілтемені оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Адам ата кемелді болған. Ол адамзатты күнә мен өлімге душар етті. Иса да Адам ата сияқты кемелді болған, сондықтан ол не істей алды және оның өлімі не нәрсеге жол ашты?

5. Төлем — Ехобаның сізге берген сыйы

Ехобаның достары төлемді жеке оларға берілген сый деп қабылдайды. Соның бір мысалын Ғалаттықтарға 2:20 оқып, келесі сұрақты талқылаңыздар:

  • Елші Пауыл төлемді жеке өзіне берілген сый деп қабылдайтынын қай сөздерімен көрсетті?

Адам ата күнә жасағаннан соң, өзі де, бүкіл ұрпақтары да өлімге кесілді. Бірақ сіз мәңгі өмір сүре алуыңыз үшін Ехоба өз Ұлын жанын қисын деп жіберді.

Ехоба өз Ұлының қиналып жатқанын көрген кезде не сезінгенін ойлап көріңізші. Бұл үшін Жохан 19:1—7, 16—18 оқып, мына сұрақты талқылаңыздар:

  • Ехоба мен Исаның сіз үшін жасаған жақсылығы қандай әсер қалдырды?

БІРЕУ СҰРАСА: “Қалай бір адамның өлімі бүкіл адамды құтқаруы мүмкін?”

  • Сіз не деп жауап берер едіңіз?

ТҮЙІНДЕМЕ

Иса пайғамбар өмірін бергендіктен, Ехоба біздің күнәларымызды кешіреді және біз мәңгі бақи өмірдің рақатын көре аламыз.

Қайталау

  • Иса не үшін өлді?

  • Қалайша Исаның кемелді адами өмірі төлем бола алды?

  • Исаның өлімі сізге қандай игілік әкеледі?

Мақсат

ҚОСЫМША ІЗДЕНІҢІЗ

Құтқарылуымыз үшін не істеуіміз керектігін оқып көріңіз.

“Иса пайғамбар қалай құтқарады?” (jw.org сайтындағы мақала (ор.)

Ехоба ауыр күнәларды да кешіре ме?

“Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар.” (“Күзет мұнарасы”, 1 мамыр, 2013 жыл)

Мәсіхтің құрбандығы бір ер адамға өмір салтын өзгертуге қалай көмектескенін оқып көріңіз.

“Мен бұдан былай озбырлықтың құлы емеспін” (jw.org сайтындағы мақала)

a Күнә деген тек жамандық жасаумен ғана шектелмейді. Бұл Адам мен Хауадан берілген жамандық жасауға тартып тұратын бейімділікті де білдіреді.